Домой Новости Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге...

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі parlam.kz сайтына сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 29 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», — делінген Өкімде.

20 маусымда ҰБТ тапсырған 14 мың түлектің 2 102-сі шектік деңгейге жете алмады. Бұл туралы Ұлттық орталық тестілеудің директоры Рамазан Әлімқұлов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Кеше 33 пункте ҰБТ өткізілді. 14 250 өтініш түсті, 13 897 адам қатысты. Бұл ҰБТ-ға өтініш қалдырғандардың 97,5 пайызы. Бір нәтиже күшін жойды. 11 795 түлек шектік деңгейден асты, 2 102-сі аса алмады, яғни, 15,2 пайызы», — деді Рамазан Әлімқұлов брифинг барысында. «Ең жақсы нәтиже 137 балл болды. 140 балл әлі ешкім алмады. (…)», — деді Әлімқұлов. Оның айтуынша, кеше алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде алматылық түлек тапсырған.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ubt-nyin-brnsh-kun-2-myinnan-asa-tulek-shektk-dengeyge-jete-289869/

comments powered by HyperComments