Домой Новости Денсаулық сақтау министрлігі кешірілмейтін жайбасарлық танытып отыр — Тоқаев менингит жайлы

Денсаулық сақтау министрлігі кешірілмейтін жайбасарлық танытып отыр — Тоқаев менингит жайлы

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менигитке қатысты жағдайға пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Менингит инфекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. Оның айтуынша, Парламент сенатының депутаттары үкіметтегілерге сауалхат жолдайды. Мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді. «Менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (…) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз», — деген еді Біртанов. Сондай-ақ, осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді. Еске сала кетейік, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды. Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/densaulyik-saktau-ministrlg-keshrlmeytn-jaybasarlyik-289499/

comments powered by HyperComments