Домой Новости БҚО-да 35 миллионға салынған жолды жаңбыр суы шайып әкетті (видео)

БҚО-да 35 миллионға салынған жолды жаңбыр суы шайып әкетті (видео)

Батыс Қазақстан облысының Өркен ауылында тұрғындар 35 миллион теңгеге салынған су жаңа жолды жаңбыр суы шайып әкеткенін айтып, шағымдануда. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Уральская Неделя» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өркен ауылы. Видеодан скриншот

Өркен ауылы. Видеодан скриншот

Кірмежол толассыз жауыннан адам шошырлық күйге түскен.Құрылысшылардың жолға құмның орнына сепкен батпағы да жаңбыр суынан шайылып кетіпті. Тұрғындар 35 млн теңгеге салынған жолдың сапасы сын көтермейтінін айтып, билікке шағымдануда.

Өркен ауылы Атырау тас жолының маңында Оралдан 50 шақырым жерде орналасқан. Оралға жақын орналасқан ауылда 100-ден астам адам тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әбдірақымовтар отбасы үш жыл бұрын осы ауылға мұғалім болуға шақырту алғанда ерекше қуанған болатын.

Өркен ауылы. Фото: Уральская неделя

Өркен ауылы. Фото: Уральская неделя

Алайда олардың қуанышы көпке созылмапты.

«Демалыс күндерінен кейін қаладан үйге қайтып келе жатыр едік, көлігіміз батпақа батып, тұрып қалды. Бірнеше сағат шығуға әрекеттенгеніммен, одан еш нәтиже болмады. Тура жол үстінде көлікте түнеуімізге тура келді«, — дейді Еркебұлан Әбдірақымов

Таңертеңгісін ауыл тұрғындары оларға көмекке шығып, трактормен көлікті шығарып алыпты.

comments powered by HyperComments