Домой Новости Қазан татарлары ашаршылықты бастан өткізген қазақтарға қайғыра көңіл айтты (фото)

Қазан татарлары ашаршылықты бастан өткізген қазақтарға қайғыра көңіл айтты (фото)

Қазан татарлары 31 мамыр — Қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қазақ халқының басынан өткен ауыр нәубатты еске алды деп хабарлайды Aslan Sabit есімді Facebook желісінің қолданушысына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазан татарлары қазақтарға қайғыра көңіл айтты

Фото: Facebook

Кеше, 31 мамыр күні, Қазандағы «Азатлык» татар жастары одағы қаладағы Карл Маркс көшесінің бойында орналасқан Қазақстан Бас консулдығы ғимаратының алдында ашаршылықтан қайтыс болған қазақтарды еске алды. Пикетке Батырхан Агзамов есімді белсенді плакат алып шыққан.

«Азатлык» одағының белсенділері осы пикет арқылы бүгінгі қазалы күні бауырлас қазақ халқына қолдау білдіреді. Татар халқы сіздермен бірге қайғыратынын мәлімдегіміз келеді», — деді олар.

Айта кету керек, Қазан жастары жылда дәл осы күні Қазақстан бас консулдығының алдына шығып, қолдау білдіріп жүр.

comments powered by HyperComments