Домой Новости Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу ережесі бекітілді

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу ережесі бекітілді

Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері республика аумағында ұялы телефон абоненттерін тіркеу ережесін бекітті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап. Министрлік мәліметінше, Қазақстанда жасалған және Қазақстанға әкелінген телефондарды тіркеуге болады. Бұл процедура өтініш бергеннен кейін жеке тұлғаларға 4 сағат аралығында жасалса, заңды тұлғаларға 8 сағат аралығында жасалады. Ал 14-18 жас аралығында жасөспірімдер телефондарын тек заңды өкілдерінің келісімі арқылы тіркей алады екен. Министрлік өкілдерінің айтуынша, абонент автоматты қызмет көрсету жүйесі арқылы тіркеле алады немесе ұялы байланыс операторының кеңсесіне мына құжаттармен баруы керек: 1) ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) (жеке тұлғалар үшін) немесе БИН (Бизнес сәйкестендіру нөмірі) (заңды тұлғалар үшін); 2) Ұялы телефонның сәйкестендіру коды; 3) Абоненттік нөмірі. Сондай-ақ, министрлік өкілдері ұялы телефондарды 2018 жылдың соңына дейін тіркеу қажеттігін айтады. Айтуларынша, 2019 жылдың қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Еске сала кетейік, былтыр ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев телефондарды міндетті тіркеу туралы норманы түсіндірген болатын. Ал кейінірек министрлік өкілдері телефондардың IMEI-кодтар базасына қалай тіркелетінін айтып берген еді.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-uyalyi-telefondardyi-trkeu-erejes-bektld-289742/

comments powered by HyperComments