Домой Новости Қазақстан жолдары ең сапасыз елдердің тізіміне енді

Қазақстан жолдары ең сапасыз елдердің тізіміне енді

2017-2018 жаһандық бәсекеге қабілетті елдердің индексінде  ең сапасыз және ең сапалы жолдары бар мемлекеттер рейтингі жасалды.  Тізімге әлемнің 137 мемлекеті енді. Жол сапасы бірден жетіге дейін бағаланды. Солардың арасынан бірде-бір мемлекет жоғары ұпай ала алмады.  Ең сапасыз жолдар Мавританияда, ол толық екі балл алды. Одан кейін Демократиялық Конго Республикасы және Гаити — 2,1 ұпай жинады. Төртінші және бесінші орында Мадагаскар мен Гвинея, олар 2,2 ұпай жинады. Ары қарай — Йемен (2,3 балл), Парагвай (2,4 балл), Украина (2,4 балл), Мозамбик (2,5 балл) және Молдавия (2,5 балл). Әлемдегі ең сапалы жолдар рейтингінде Араб әмірлігі 6,4 ұпаймен көш бастады. Сингапур (6,3 балл), Швейцария (6,3 балл), Гонконг (6,2 балл), Нидерланды (6,1 балла), Жапония (6,1 балла), Франция (алты ұпай), Португалия (алты ұпай), Австрия (алты ұпай), сондай-ақ АҚШ (5,7 балл). Қазақстан бұл тізімде 2,9 ұпаймен 115-орында тұр.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-joldaryi-en-sapasyiz-elderdn-tzmne-end-289476/

comments powered by HyperComments