Домой Новости Қазақстан Елтаңбасын өзгерту ұсынылды

Қазақстан Елтаңбасын өзгерту ұсынылды

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады. Бұл туралы Парламент Сенатының сайтында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Cенаттағылардың мәліметінше, заң жобасы аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына Мемлекеттік Елтаңбаға «Қазақстан» жазуын латын әріптерімен жазуды көздейтін түзету енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ, сенаторлар бес заңнамалық актіге: Бюджет кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарға түзетулер енгізуді жоспарлап отыр.

comments powered by HyperComments