Домой Новости Атырау жұрты Халықаралық Олимпиада күнін ерекше атап өтті (фото)

Атырау жұрты Халықаралық Олимпиада күнін ерекше атап өтті (фото)

Олимпиада ойындары бүкіл әлемді бір мақсатқа жұмылдырып, бейбітшілік пен татулықты, халықтар арасындағы достастықты қалыптастырған әлемдегі теңдессіз жоба. Ол салауатты өмір салты мен жер тұтастығының символы. Осынау атаулы күнді Атыраулықтар да ерекше атап өтті.

атыраулықтар

«Бейбарыс» алаңында жас спортшыларымыз бокс, каратэ, у-шу, көркем гимнастика секілді спорт түрлері бойынша көрсетілім қойды. Жиналған көрермен жастардың қойылымына тәнті болды.

атыраулықтар

Елбасымыздың «Сенің жаңа қырың» атты челленджі аясында түрлі қойылымдар қойылып, жастар биімен жалғасты.

атыраулықтар

Мереке «Стритбол» сайыстарымен жалғасын тапты. Аула командаларынан құралған жас жеткіншектер өзара сынға түсіп, үздіктерді анықтады.

comments powered by HyperComments