Домой Новости Алматылықтар Олжас Сүлейменовтің немересін соңғы сапарға шығарып салды (фото)

Алматылықтар Олжас Сүлейменовтің немересін соңғы сапарға шығарып салды (фото)

Олжас Сүлейменовтың немересі Ескендірмен қош айтысуға қалың көпшілік жиылды. Алматыдағы «Ғалымдар үйіне» жиылған қауым әйгілі ақынның қайғысына ортақтаса келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Астанада жантүршігерлік жол апатында қаза болған Ескендір Сүлейменовті соңғы сапарға аттандыруға келгендер ғимарат ішіне сыймай жатты.

Көпшілік аты аңызға айналған қоғам қайреткерінің қайғысына ортақтаса көңіл айтуға жиылған. Олардың арасында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚазҰУ-нің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Сыртқы істер министрлігінің өкілі мен бірқатар қоғам қайраткерлері де бой көрсетті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Рассказать Вконтакте

Олар қайғыға орай жиылған жұрт алдында Олжас Сүлейменовтың отбасына көңіл айтып, бекем болуға шақырды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті. Атасын өзіне үнемі үлгі еткен марқұм Италия мен Францияда жоғарғы білімін шыңдап, елордадағы ұлттық компания сапында жұмыс істеген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Итальян және француз тілін жетік меңгерген ер жігіт болашағынан зор үміт күттірген. Шетелде алған білімінің пайдасы өз елінің дамуына септігін тигізсе деген ұстанымы да болды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алайда, айтпай келген жол апаты болашаққа жоспары көп болған жігіттің өмірін қыршынынан қиып кетті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

comments powered by HyperComments