Домой Новости Ақтаулық бала Андрей Малаховтың бағдарламасында көрерменнің көңілін босатты

Ақтаулық бала Андрей Малаховтың бағдарламасында көрерменнің көңілін босатты

Ақтаулық Нұрмұхаммед Жақып «Россия-1» телеарнасындағы «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті. Бала Интернеттегі видеолармен атақты болған балаларға арналған бағдарламаға қатысты. «Бізде қонақта Қазақстаннан келген жарық жұлдыз», — деп таныстырды жүргізуші Андрей Малахов.  Нұрмұхаммед анасына арналған әсерлі композицияны орындап берді. «Мен бұл әнді орындағанда анамды ойлаймын. Мен оны барлық аналарға арнаймын», — деді ол өнер көрсетер алдында. Жас дарынның өнер көрсеткен сәті түсірілген эпизод 1:06:52-та басталады.

Нұрмұхаммед Жақып әлеуметтік желіде кеңінен танымал, деп хабарлады «Лада». Қазір оның Instagram парақшасында 260 мыңнан аса оқырман бар. Баланың тыңдармандары оны Қазақстан эстрадасының болашақ жұлдызы деп атайды.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/strange_news/aktaulyik-bala-andrey-malahovtyin-bagdarlamasyinda-289452/

comments powered by HyperComments