Домой Новости «7-20-25»: Банктерге зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінбек

«7-20-25»: Банктерге зейнетақы қорынан 200 миллиард теңге бөлінбек

Банктер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатына телмірді. Екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына мемлекет тағы жәрдем бермек деп хабарлайды Nur.kz

Зейнетақы қоры. Фото: theopenasia.net

Зейнетақы қоры. Фото: theopenasia.net

Еліміздің банктері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 200 миллиард теңгесіне ие болады.

Одан бөлек, «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктерге тағы 200 млрд теңге бөлінеді.

Бұл ақша елді ипотекалық несиелендіруге жұмсалатын болады. Болашақта аталмыш ақша 1 триллион теңгеге дейін өседі деп болжануда.

Соның арқасында банктер ипотекалық несиелендіру көлемін 2 триллионға дейін арттыру мүмкіндігіне ие болады екен.

«Тұтастай алғанда, банк секторының тұрақтылығын арттыру бағдарламасы, «7-20-25» бағдарламасы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының облигациялық бағдарламасы шеңберіндегі жаңа қарыздарды қосқанда, банктердегі ұзақ қордың жалпы сомасы алдағы бір жарым-екі жылда 3,5 триллион теңгеге ұлғаяды», — дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

comments powered by HyperComments