Домой Новости Журналистер 60 жыл бұрын Назарбаевпен хат арқылы дос болған қытай азаматын іздеп...

Журналистер 60 жыл бұрын Назарбаевпен хат арқылы дос болған қытай азаматын іздеп тапты (фото)

Қытай журналистері Нұрсұлтан Назарбаевпен 1957 жылы хат жазысқан қытай азаматының отбасын іздеп тапты. Бұдан 60 жыл бұрын елбасымен хат арқылы дос болған Чжоу Бочуань оның болашақта бір елдің президенті болатынын білмеген деп хабарлайды CGTN арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қытай журналистері Назарбаевпен 60 жыл бұрын хат жазысқан қытай азаматын іздеп тапты (фото)

Кадр деректі фильмнен алынды

Бүгінде 1957 жылы жазылған хаттың мәтіні Қазақстанның тұңғыш президенті мұражайында сақталған. Мұны көрген қытай журналистері Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, өзара дос болған мектеп мұғалімін іздеп табу мақсатында архивтерді ақтарып, оны суреті бойынша іздеп тапқан.

Анықталғандай, ол кісі бұдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған екен. Чжоу Бочуань өз ісін адал атқарған беделді ұстаз болыпты. Бүгінгі таңда оның артында әйелі мен қызы қалған.

comments powered by HyperComments