Домой Новости WBC президенті Альварестің ұйым рейтингінен шығарылғанын растады

WBC президенті Альварестің ұйым рейтингінен шығарылғанын растады

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман екі салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) ұйым рейтингінен шығарылғанын растады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұндай санкция Альварестің 5 мамырға Геннадий Головкинмен белгіленген жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталуы себеп болған. Екі сынама бойынша мексикалықтың қан құрамынан тыйым салынған кленбутерол табылған. Кейінірек Альварестің WBC және VADA ұйымдарының өткізген «Таза бокс» бағдарламасынан шыққаны анықталды, осы орайда ол рейтингтен де шығады.

Сәуірде «Канело» орта салмақта WBC рейтингінде екінші орында тұрған еді. Сондай-ақ Альварестің The Ring чемпиондық белбеуінен де айырылатыны айтылды, себебі журналдың басты шарттарының бірінде тыйым салынған препаратты қолданған боксшы титулды иелене алмайды. Алайда бұлай болмады, басылымның бас редакторы оны да түсіндіріп берген еді.

WBC ұйымы бұрындары да Альваресті тізімнен шығарған еді. 2016 жылы Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқаны үшін чемпиондық атағынан айырылып, рейтингтен шығарылған болатын.

Айта кетейік, Альварес тамыз айының ортасына дейін бокстан шеттетілді. Ол 15 қыркүйекте шаршы алаңға қайтып келеді деген жоспар бар. Оның промоутерінің айтуынша, мексикалық боксшы Головкиннің командасымен келісімшарт жасасқаннан кейін, допинг сынамасын тапсырып отырады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/WBC-prezident-alvarestn-uyyim-reytingnen-shyigaryilganyin-288960/

comments powered by HyperComments