Домой Новости Танымал UFC файтері ауыр соққыдан «қалың ұйқыға» кетті

Танымал UFC файтері ауыр соққыдан «қалың ұйқыға» кетті

Белфорт gty Мачида. © MMA Fighting

Витор Белфорт Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен UFC 224 турнирінде Лиоту Мачидадан жеңіліп қалғаннан кейін, кәсіпқой спортпен қоштасты, — деп хабарлайды Vesti.kz.
«Бұл ұзақ саяхат болды. Спорттық өмірде бастама, ортасы және соңы болады. Менің спорттық мансабым аяқталды деп ойлаймын. Мачиданы жеңісімен құттықтаймын әрі қолғабымды шегеге ілемін. Өз отбасыма алғыс білдіргім келеді. Өз туыстарым мен жақындарым жайлы ойлайтын кез келді», — деп жазады Yahoo Sports спортшының сөзін.
Мачида қарсыласына дес бермей, екінші раундта нокаутқа түсірді.

comments powered by HyperComments