Домой Новости Түймебаев қаланың қақ ортасына салынған дәретханалар үшін аудан әкіміне шүйлікті

Түймебаев қаланың қақ ортасына салынған дәретханалар үшін аудан әкіміне шүйлікті

арыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев ОҚО әкімінен сөгіс алды. Жансейіт Түймебаев Сарыағаштағы үйлердің жағдайына күйінген. Бұл туралы NUR.KZ порталы «ТВК»арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түймебаев. Фото: "ТВК"

Түймебаев. Фото: «ТВК»

Сарыағашта салынған ескі үйлер, дәл қаланың ортасына салынған әжетханалар, шекарада үйілген қоқыс ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың ашуын келтірген.

Күніне 15 мың адам жүріп өтетін Сарыағаш ауданының шекара аймағында ешқандай оң өзгерістер байқамаған Түймебаев Қайрат Әбдуәлиевке ескерту жасады.

Қайрат Әбдуәлиев бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңгеге жеті жолға жөндеу жұмыстарын жүргізгенін алға тартты.

Алайда тұрғындарды жол емес, ауыз су мәселесі алаңдатып отыр.

«Ұңғыма бар болса да, су жоқ», — деп шағымданды аудан тұрғындары.

Әкім барлық мәселелер біртіндеп шешілетініне уәде берді.

comments powered by HyperComments