Домой Новости Сот Ratel.kz сайтының жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды

Сот Ratel.kz сайтының жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды

© pexels.com

Медеу аудандық сотында Ratel.kz сайтының жұмысын тоқтату туралы шешім шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Медеу аудандық прокуратурасы өкілдерінің Ratel.kz сайтына қатысты арызы, олардың Ratel.kz доментік атауын қайта тіркеуге тыйым салу және редакцияның бас редакторы Марат Асиповқа және басылымның басқа қызметкерлеріне бір жыл ішінде басқа БАҚ-тарда, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде материалдар жариялау туралы өтініші ішінара қанағаттандырылды. (…) Ratel.kz сараптамалық интернет-порталының жұмысын тоқтатылып, бір жыл ішінде қазақстандық БАҚ кеңістігінде Ratel.kz домендік атауын қолдануға тыйым салынсын», — деп оқыды үкімді судья Гүлмира Бейсенова. Еске салайық, 2 сәуірде полиция қызметкерлері Forbes Қазақстан және Ratel.kz интернет-басылымдарының редакциясында тінту шараларын жүргізген еді. Сонымен қатар, осы БАҚ журналистерінің, нақтырақ айтсақ, Forbes.kz бас редакторының орынбасары Александр Воротиловтың, Ratel.kz бас редакторы Марат Асиповтың, оның орынбасары Сапа Мекебаев пен шолушы Анна Калашникованың ұсталғаны анықталған. Кейінірек министрлік өкілдері Ratel мен Forbes журналистерінің ұсталуына қатысты тағы пікір білдірген болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/sot-Ratelkz-saytyinyin-jumyisyin-toktatu-turalyi-sheshm-289301/

comments powered by HyperComments