Домой Новости Үш күн қыстауда жатқан: Атырауда жоғалып кеткен 11 жасар бала табылды

Үш күн қыстауда жатқан: Атырауда жоғалып кеткен 11 жасар бала табылды

Атырау облысында жоғалып кеткен 11 жасар бала үшінші тәулікте ғана табылды. 9 мамыр күні Елтай ауылынан шыққан жеткіншек ата-анасы тұратын қыстауға қарай бет алып, жоғалып кеткен деп жазады «АқЖайық» порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырауда жоғалып кеткен

Атырауда жоғалып кеткен бала үш тәуліктен соң табылды

Басылымның хабарлауынша, өңірдегі шопандардың балалары интернатта немесе қала-ауылдардағы туыстарының үйінде жатып оқитын көрінеді. Жоғалған жас бала да интернаттың оқушысы екен.

Баланы іздеу үшін ТЖД мамандары көлікпен және тікұшақпен даланы кезіп шықты. Оларға жасөспірімнің туыстары мен ерікті азаматтар да көмектескен.

Елтай ауылдық округінің әкімі Ербол Дүйшімнің айтуынша, жеткіншек тек 11 мамыр күні аман-есен табылған.

Ол жоғалып кеткенін біліп, алғашқы түні далада жиналып тұрған шөптің үстінде ұйықтапты.

comments powered by HyperComments