Домой Новости Путин келесі президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді

Путин келесі президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин екі реттен артық қайта сайланбайтынын мәлімдеді. Ол келесі сайлауға түспейтінін Петербург халықаралық форумында алға тартқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Владимир Путин. Фото: Восток-Медиа

Владимир Путин. Фото: Восток-Медиа

Кездесуге қатысушылардың бірі Путиннен келесі жолы сайлауға түсетін-түспейтінін сұраған.

Ресей президенті елдің Конституциясын бұзбайтынын алға тартып, тағы да сайлауға түсу ойында жоқтығын мәлімдеді.

«Конституцияда қатарынан екі мерзімнен артық сайлануға болмайтыны айтылған. Мен қазір екінші рет сайланып отырмын. Естеріңізде болса, осыған дейін екі мерзім қатарынан президент атанып, кейін өз орнымды босатқан едім», — деген Путин Конституция заңын алдағы жылдары да бұзбайтынын алға тартты.

comments powered by HyperComments