Домой Новости Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа басшы тағайындалды кеше

Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа басшы тағайындалды кеше

Руслан Әлішев. © Орталық коммуникациялар қызметі

Руслан Әлішев Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Руслан Әлішев Қанатханұлы 1978 жылдың 29 шілдесінде дүниеге келген. 1997 жылы Петропавл экономика және құқық колледжін, 2001 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Ал 2006 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған. 2004-2009 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы «Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2010-2013 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, орынбасары және бастығы. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары (әлеуметтік мәселелер бойынша). 2013-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы. 2014-2016 жылдары — «Нұр Отан» орталық аппараты Саяси жұмыстар департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2016 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. 2016 жылғы 1 қырқүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ortalyik-kommunikatsiyalar-kyizmetne-jana-basshyi-288992/

comments powered by HyperComments