Домой Новости Назарбаев пен Путин Сочиде не үшін кездеседі?

Назарбаев пен Путин Сочиде не үшін кездеседі?

14 мамыр күні Сочиде Жоғары Евразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Оның аясында Қазақстан президенті мен Ресей президентінің екіжақты кездесуі болмақ. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Назарбаев пен Путин. Фото: sodrugestvo.info

Назарбаев пен Путин. Фото: sodrugestvo.info

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, екі елдің басшылары келіссөз кезінде халықаралық қатынас, одақтасу және екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударады.

«Еуразиялық интеграциялық құрылымдар аясындағы және халықаралық аренадағы қарым-қатынасқа баса назар аударылады деп күтілуде», — дейді Путиннің көмекшісі.

Юрий Ушаков Сирия мәселесі бойынша келіссөздер кезінде Қазақстанның маңызды рөл атқаратынын алға тартты.

«Астаналық форматтың арқасында қарулы қарсылықты азайту, саяси реттеу үдерісін алға бастыру, әлемдегі гуманитарлық жағдайды жақсарту мүмкін болды», — дейді ол.

comments powered by HyperComments