Домой Новости Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысын тағайындады

Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысын тағайындады

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа басшысын тағайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. «Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», — делінген Ақорданың хабарламасында. Ведомство өкілдері Қанат Орынтайұлы Оразқұловтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылғанын айтып өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Амантай Жанкеұлы Күреңбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылғаны айтылады. Ресми дереккөздерге қарағанда, Қанат Оразқұлов 1970 жылдың 27 қарашасында Жамбыл облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. Түрлі жылдары Алматы мен Алматы облыстарында офицерлік және басқарушы қызметтерінде болған. 2009 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың сәуір айынан бастап Президент Істері басқармасында орынбасар қызметінде болған.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-memlekettk-kuzet-kyizmetnn-jana-basshyisyin-289211/

comments powered by HyperComments