Домой Новости Есікте атыс болып, полицей қаза тапты

Есікте атыс болып, полицей қаза тапты

Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысындағы Есік қаласында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алды. Олардың бірі ауруханада көз жұмды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кей мәліметтер бойынша, марқұм ІІАБ қызметкері болған.  Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, оқиға мамырдың сегізіне қараған түні болған.  Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне 8 мамырда сағат 03:00-де оқ жарақатын алған екі ер адам түскен айтады. Олардың бірі 31 жастағы полицей 11 мамырда көз жұмды. Оқ тигеннен бөлек, ол көптеген өзге жарақаттар алған.  Екінші адамның жағдайы — тұрақты. Тиген оқ аяғын сындырған. Дәрігерлердің сөзінше, 1986 жылғы ер адам еш жерде жұмыс істемейді.  Мұның алдында Tengrinews.kz Алматы облысының ІІД-не ресми сауал жолдаған болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/events/eskte-atyis-bolyip-politsey-kaza-taptyi-288957/

comments powered by HyperComments