Домой Новости Ермек Көшербаев ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды

Ермек Көшербаев ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды», — делінген Ақорда сайтында.  Ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды. Көшербаев Ермек Беделбайұлы — 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген. Әр жылдарда Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, «Нұр Отан» ХДП, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған, «Ертіс» ӘКК» ҰҚ басқарма төрағасы болды. Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ermek-kosherbaev-kr-sm-jauaptyi-hatshyisyi-bolyip-289323/

comments powered by HyperComments