Домой Новости БҒМ 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелерін бекітті

БҒМ 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелерін бекітті

© Тұрар Қазанғапов

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларды мектепке қабылдауға қатысты жаңа ережелер туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше, жаңа ережелерге сәйкес, осы күнтізбелік жылдың соңына дейін  жасы 6-ға толатын балалар дайындық деңгейіне қарамастан, 1-сыныпқа бара алады. «Осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жасы 6-ға толатын балалардың барлығының мектепке баруға құқығы бар», — деді ведомство өкілдері. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары баланы қабылдаудан бас тартқан жағдайда ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің мекенжай бойынша жергілікті білім беру басқармасына хабарласа алатыны айтылады. Айта кетейік, биыл балалар 1-сыныпқа түсу үшін 1 маусым-30 тамыз аралығында өтініш қалдыра алады. Мұнымен қоса, министрліктегілердің айтуынша, биыл мектепке қабылдауға қажетті құжаттардың тізімінен баланың мекенжайы жөнінде анықтама алынып тасталды.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bgm-1-syinyipka-kabyildaudyin-jana-erejelern-bektt-289304/

comments powered by HyperComments