Домой Новости Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифі қымбаттап кетті

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифі қымбаттап кетті

Қазақстанда тұрғын-үй қызметтері, су, электр энергиясы мен газ тарифтері бір жылда бақандай жеті пайызға қымбаттаған деп хабарлайды finprom.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Басылымның мәліметінше, былтырғы жылдың сәуір айындағы коммуналдық қызметтердің кей түрлерінің бағалары 7,3% -ға қымбаттаған. Олардың ішінде су, газ, электр энергиясы мен тұрғын-үй қызметтері де бар.

Осылайша баспананы қамтамасыз етуге кететін шығындар 6,7%-ға ұлғайып, бір шаршы метрге шаққанда 27,35 теңгеге өскен.

Сондай-ақ, қоқысты шығару тарифі де айтарлықтай артқан. Оның бағасы былтырғы жылғымен салыстырғанда 7,4%-ке өсіп, адам басына шаққанда — 168,8 теңгені құрады.

Фото: finprom.kz

Фото: finprom.kz

Басылым берген мәліметтерге сәйкес, 2013 жылдан бастап тариф бағасы өзгермеген тек телефон үшін төленетін абоненттік төлем ғана екен. Сол жылы ғана аталған тариф айына 839 теңгеден 1006 теңгеге дейін артқан көрінеді.

Сол сияқты орталықтандырылған жылу жүйесінің де бағасы сәуір айында 1 Гкал-ға шаққанда 4002,9 тг –ні құрайтыны анықталған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артық екен.

Ал ыстық судың бағасы тіптен шарықтап кеткен. Ол бір жылдың ішінде 8,4%-ға артып, бір куб метрге 242,6 теңгені құраған.

Ыстық суға қарағанда суық судың бағасы тұрақты болған. Ол бар-жоғы 3,4%-ға ұлғайып, бір куб метрге 72,3 теңгені құраған. Тариф бағасы айтарлықтай көтеріле қоймаған келесі бір қызмет – кәріз жүйесі үшін төленетін төлемдер болып отыр. Ол бір жыл ішінде 2,5%-ға артып, бір куб метрге 47,1 теңгені құраған екен.

Фото: finprom.kz

Фото: finprom.kz

Ал әр пәтерге тартылған газ бағасы болса, 11,1%-ға артқан. Оның бағасы бір келіге 156 теңге болған. Сол сияқты елімізде баллондар арқылы тасымалданатын көгілдір газдың да бағасы қымбаттағаны анықталған. Оның бағасы 4,1%-ға ұлғайып, 50 литрлік бір баллонның бағасы 2618 теңгеден асып жығылған.

Фото: finprom.kz

Фото: finprom.kz

Бәрінен бұрын Қазақстанда бір жыл ішінде электр энергиясы бағасының шарықтап кеткені белгілі болды. Басылым ұсынған мәліметке сай, электр плитасын қолданатын қазақстандықтар үшін бірінші деңгейдегі – жылына 15,7%, екінші деңгейдегі — 5,2%, үшінші деңгейдегі — 2,2%-ға қымбаттаған.

Ал, электр плитасын қолданбайтын тұрғындар үшін, бірінші деңгейдегі тұтыну бағасы жылына — 10,4%-ға, екінші деңгейдегі — 4,3%-ға, үшінші деңгейдегі — 1,6%-ға артқаны анықталған.

Фото: finprom.kz
comments powered by HyperComments