Домой Новости Астаналық оқушы халықаралық математика олимпиадасынан алтын медаль жеңіп алды

Астаналық оқушы халықаралық математика олимпиадасынан алтын медаль жеңіп алды

Әлихан Құдайбергенов. © Астана әкімдігінің сайтынан

Астана қаласының «Білім-инновация лицейінің» 11-сынып оқушысы Әлихан Құдайбергенов Сербияның Белград қаласында оқушылар арасында халықаралық 35-ші Балқан математика олимпиадасынан алтын медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ол жарыста ең жоғары ұпайды жинап, абсолют жеңімпаз әрі алтын медаль иегері атанды. Айта кетейік, 7-12 мамыр аралығында өткен Олимпиадаға 18 елден 108 оқушы қатысқан. Әрбір қатысушы елден жоғары сыныпта оқитын 6 баладан құралған командалар ұсынылған.

comments powered by HyperComments