Домой Новости Алматыда жедел жәрдемге жол бермей қойған жүргізуші қамауға алынды

Алматыда жедел жәрдемге жол бермей қойған жүргізуші қамауға алынды

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойған «Нексия» жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы BNews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жүргізуші. Видеодан кадр

Жүргізуші. Видеодан кадр

Жедел жәрдем көлігі кішкентай баланы дереу емханаға жеткізуі керек болған. Алайда көлік жүргізушісі жедел жәрдемге жол бермей, кедергі келтіреді.

Полицейлер жүргізушіні үш сағаттың ішінде іздеп тауып, қамауға алған. Жедел жәрдемге қиындықтар тудырған Daewoo Nexia көлігінің иесі 25 жастағы жігіт болып шықты.

Жігітке әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды.

comments powered by HyperComments