Домой Новости Алматы маңында жүрген селдің суреттері пайда болды

Алматы маңында жүрген селдің суреттері пайда болды

Ақсай шатқалы. © kailash.ru

Алматы маңында жүрген селдің суреттері пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, сел Алматыдағы Қарасай ауданында жүрген. Суреттерден лайдың жол бойында ағып жатқаны көрінеді.
ТЖК мәліметінше, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ және ғимараттар бүлінген жоқ. Оқиға орнында қызметкерлер жұмыс істеп жатыр.
Осыған дейін ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері Алматы қаласы Наурызбай ауданы Ақсай шатқалында сел жүргені жайлы хабарлаған еді. Жергілікті атқарушы органдары төтенше жағдайды жою және автожолдарды уақытша жою мәселесіне қатысты тапсырма берген еді.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/events/almatyi-manyinda-jurgen-seldn-suretter-payda-boldyi-288967/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

comments powered by HyperComments