Домой Новости АИ-80 жанармай бағасы еркін айналымға жіберілуі мүмкін

АИ-80 жанармай бағасы еркін айналымға жіберілуі мүмкін

АИ-80 маркалы жанармай бағасы еркін айналымға жіберілуі мүмкін деп хабарлайды Kolesa.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Газета "Спектр"

Фото: Газета «Спектр»

Айта кетсек, АИ-80 жанармайының бағасын реттеуді тоқтату қаңтарда жоспарланған болатын. Бұл — бағасын мемлекет қана қоятын жанар-жағармайдың жалғыз түрі.

Шенеуніктердің айтуынша, елдің мұнай қорытпа зауыттарын модернизациялау аяқталғаннан кейін Қазақстанда АИ-80 жанармайын шығару тоқтатылады.

Энергетика министрлігі жанар-жағармайға максималды қолжетімді бағаларды реттеуге тыйым салу туралы шешімді шығармақшы. Шешімнің толық нұсқасы egov.kz сайтында жарияланған.

Мемлекеттік қызметкерлердің айтуына қарағанда, бүгінде АИ-80 жанармайының максималды жекелей бағасы литріне 89 теңгені, АИ-92 жанармайы литріне 161 теңгені құрайды.

Қазақстандық жанармай құю станцияларында төменоктанды мұнай шикізатын сапалы ету үшін АИ-92 жанармайын АИ-80-мен қосып, сатылымға шығарады.

АИ-80 жанармай тапшылығын тудырмас үшін аталмыш жанармай бағасын еркін айналымға жіберу ұсынылды.

comments powered by HyperComments