Домой Новости 5 миллион: Тұрсынбек Қабатовтың гонорарын естіген жігіт талып қала жаздады

5 миллион: Тұрсынбек Қабатовтың гонорарын естіген жігіт талып қала жаздады

Тұрсынбек Қабатовтың бір тойды жүргізіп беруге алатын ақысы — 5 миллион теңге. Әзілкешті тойына шақырғысы келген жігіт бұл бағаны естіп талып қала жаздаған деп хабарлайды «Хит-ТВ» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов. Фото-коллаж: NUR.KZ

Тұрсынбек Қабатов. Фото-коллаж: NUR.KZ

Қабатовтың бұл ісін әріптестері де, той иелері де сынап тастады.

«Бұл 5 миллион деген баға, миға сыймайды. Түсінбедім?! Бұны жағдайы бар адамдар жасар. Ал қарапайым халық көргісі келеді ғой, оны. Соларға қарап кейінгі «жұлдызсымақтар да» бағасын көтеріп жібереді ғой», — деп ашынды Әділет Қайратұлы есімді жігіт.

Сондай-ақ, тележүргізуші Тахир Сұлтан Тұрсынбектің бұл ісін тәлпіштікке балады.

«Тұрсынбек мырзаның ісі соған лайық болса, шықсын. Бірақ, 5 миллион теңгеге асаба жалдап, той жасау ысырапшылық деп ойлаймын», — деді тележүргізуші.

comments powered by HyperComments