Домой Новости Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиді асырап алуға жұрт таласып жатыр

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбиді асырап алуға жұрт таласып жатыр

Павлодардағы қоқыс арасынан табылған жаңа туған нәрестені асырап алу үшін Қазақстандағы балалары жоқ жұптар кезекке тұрды. Туған анасына қажет болмаған тастанды бала сәбиге зарығып жүрген жүздеген отбасына керек болып шықты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодар

Павлодар

Дәрігерлер баланың денсаулығы жақсы екенін айтып, дүйсенбі күні табылғандықтан баланың атын Дүйсенбек деп қойған.

20 градус аязда жұқа жамылғыға оралған сәбиді кездейсоқ жолаушы көрмегенде, нәрестенің тірі қалуы екіталай еді.

Құтқарушы Назира Омарова бастапқыда баланы асырап алғысы келгенімен, кейіннен бұл ойынан бас тартты. 53 жастағы әйел сәбиді жастау ананың асырап алғанын құп көрген.

Алайда тастанды баланы асырап алғысы келген ата-анаға кемінде жарты жыл күтуге тура келеді. Заң бойынша алдымен баланың биологиялық анасын тауып, сот шешімін күту керек.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері көкек ананы Павлодар облысының барлық өңірінен іздестіріп жатыр. Медициналық тексеріс нәтижесінде анықталғандай, Дүйсенбекке шамамен он күн болған. Ал бұл аралықта өңірде 579 ұл бала дүниеге келген. Сондықтан жақын арада полиция олардың да отбасыларын тексереді.

Естеріңізге сала кетсек, 29 қаңтарда Павлодардағы шағын аудандардың біріндегі қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің туылғанын хабарлағанбыз. Ауыр жағдайда табылған баланың денсаулығы үшін дәрігерлер түнімен күресіп, нәтижессінде сәбидің беті бері қараған.

comments powered by HyperComments