Домой Новости «Қазақ аруы — 2018» 53 келі салмақтан аспауы керек

«Қазақ аруы — 2018» 53 келі салмақтан аспауы керек

Баян Мақсатқызы «Қазақ аруының» жұмысына білек түріп кірісті. 2011 жылы алғаш рет тұсауын кескен аталмыш байқау енді халықаралық деңгейде өтетін болады деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Қазақ аруы". Фото: comode.kz

«Қазақ аруы». Фото: comode.kz

«Қазақ аруы-2018» байқауына бұдан былай өз елімізден бөлек Түркия, Монғолия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінің ең сұлу қазақ қыздары қатыса алады.

Аталмыш елдегі қандас аруларымыздың үздігін таңдау үшін арнайы әділқазылар мүшесі дайындалған. Мысалы, Айқын – Қырғызстандық, Ғазизхан –Монғолиядағы қазақтың сұлуын, Кәмшат – Түркия мен Ресейдегі аруларды, ал Айша Байбосынова – Өзбекстандағы қазақтың ең сұлу қызын таңдауға ат салыспақ.

Айқын. "Қазақ аруы-2018". Фото: comode.kz

Айқын. «Қазақ аруы-2018». Фото: comode.kz

Сұлулар 18-наурыз күні Республика Сарайында өтетін шешуші кезеңде бақ сынайтын болады. Республика сарайына бара алмаған жандар аталмыш бәйгенің телевизиялық нұсқасын «Kazakh TV» арнасынан тамашалай алады. Ал, жүзден жүйрік шыққан ару тек бағалы тәжге және «Әлем қазақ аруы-2018»атағына ғана ие болмайды. Сондай-ақ Баян Мақсатқызының болашақ тележобаларына түсіп, жұлдыздық өмірге қадам басады.

Айтпақшы, болашақ «Әлем қазақ аруы -2018» жеңімпазының салмағы 53 келіден аспау керек. Бойы 170 см төмен болмасы анық. Бастысы, қазақ тілінде еркін сөйлейтін, салт-дәстүрді жетік меңгерген, өнерлі, ақылына көркі сай ару болмақ.

comments powered by HyperComments