Домой Новости Журналистердің сауалына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін

Журналистердің сауалына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін

Журналистердің сауалдарына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін. Мәжілісте Ақпарат және коммуникациялар туралы заң жобасына енгізілген өзгерістерді таныстырған министр Дәурен Абаев тілшілерге осылай деді. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Журналистердің сауалына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкінФОТО: MIGNEWS.COM

Министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру мерзімін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіледі деп те сендірді. Жаңа заң жобасында мемлекттік органдар тілшілердің ресми сауалдарына қазіргідей үш күнде емес, 15 күн ішінде жауап беруге құқылы делінген.

Алайда депутаттардың өзі екі аптада кез келген ақпараттың ескіріп кететінін айтып, бұл мерзімді қайта қарауды ұсынды.

«Қазір мәселені қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе қазір үкіметте қарастырылуда. Біз жұмыс тобында қарадық, қысқартамыз деп айтуға толық мүмкіндік бар шығар. Белгісіз, бірақ бір апта ішінде белгілі болады», — дейді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

comments powered by HyperComments