Домой Новости Жетімдердің жанайқайы: Бір күнде ата-анасынан айырылған бауырлар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр...

Жетімдердің жанайқайы: Бір күнде ата-анасынан айырылған бауырлар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр (фото)

Жетім қалған ағайынды Марғұлан мен Жасұлан Смағанбетовтердің әділдік іздеп жүргендеріне бір жыл болды. Қос бауырдың ата-анасы 2016 жылдың 23 желтоқсанында Қызылорда-Павлодар тас жолында көлік апатынан қаза тапқан деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Жетімдердің жанайқайы: Бір күнде ата-анасынан айырылған бауырлар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр (фото)ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПҚАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ ЛҰҚПАН МЕН ЗӘМЗӘГҮЛ БӘЙТЕНОВТЕР. ФОТО: ОТБАСЫЛЫҚ МҰРАҒАТ.

Жігіттердің айтуынша, ерлі-зайыптыларды өлім құштырып, екі жолаушыны мүгедек еткен көлік оқиғасына кінәлі азамат жауапқа тартылмай, қанша арыз жазса да қылмыстық іс бірнеше рет жабылып қалған.

«Audi 80 маркалы көлікпен әке-шешем және екі туыс апаймыз Дария бекетіне бара жатқан еді. Қарағандыдан 300 шақырым жерде көлік апаты болып, әкем оқиға орнында, ал анам жедел жәрдемді күтіп, үш сағат қансырап жатып көз жұмған», — деп жылады Жасұлан Смағанбетов.

Жетімдердің жанайқайы: Бір күнде ата-анасынан айырылған бауырлар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр (фото)АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАЗАСЫНЫҢ ӘДІЛ ТЕРГЕЛУІН ТАЛАП ЕТУШІ ЖАСҰЛАН СМАҒАНБЕТ ШЕШЕСІН ЕСКЕ АЛЫП ЖЫЛАУДА. ФОТО: NUR.KZ.

Жәбірленушілер жол апатының сызбасы дұрыс жасалмағынын айтуда

Жасұлан Смағанбетовтің сөзінше, жол апаты Просторный елді-мекенінің аумағында орын алған. Көлікте тірі қалғандардың сөзіне сүйене отырып баяндасақ, Сamry 55 маркалы жеңіл көлік қарсы бетке шығып, үлкен жылдамдықпен Жасұланның ата-анасы отырған машинаға соғады. Салдарынан Audi 80 көлігі жолдың шетіне 20 метрге ұшып кетіпті.

Жетімдердің жанайқайы: Бір күнде ата-анасынан айырылған бауырлар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр (фото)ЖАСҰЛАН СМАҒАНБЕТОВ ӘДІЛДІК СҰРАП ҚҰЗЫРЕТТІ ОРГАНҒА 7 РЕТ АРЫЗ ТҮСІРГЕН. БАРЛЫҒЫ НӘТИЖЕСІЗ. ФОТО: NUR.KZ.

«Куәгерлердің айтуынша, Сamry 55 көлігінің алдында Камаз келе жатқан. Осыны айналып тез өте қоямын деп, қарсы бетке шығып әке-шешем отырған машинаның сол жақ тұсынан ұрған. Бірақ ол азамат керісінше менің әкемді кінәлап, «трассаның қарсы бетіне шықты» деп түсінік жазған.

Тергеушілер де соған сеніп, қайғылы оқиғаға жүргізуші Лұқпан Бәйтеновті, яғни менің әкемді кінәлап, істі жауып тастап жатыр. Жол апаты кезінде camry 55 трассаның ортасында қалып, менің ата-анам мінген көлік 20 метрге ұшып кетті. Осының өзі айтып тұр жол апатына кімнің кінәлі екенін.

Апатқа себепкерлер полицияны күтпей, жолдан КАМАЗ машинасын тоқтатып, біздің көлікті өз беттерінше трассаға сүйреп шыққан. Сондағы айтатын уәждері — «көлік ішінде қысылып қалғандарға көмектесейік дегенбіз».

Басында жол апатына нақты кінәліні көрген бір-екі куәгер болған еді. Үш айдан соң кейбірі жоғалып кетті, кейбірі пікірін өзгертіп жіберді», — деп ашынды жетім жігіттер.

Жетімдердің жанайқайы: Бір күнде ата-анасынан айырылған бауырлар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр (фото)NUR.KZ ПОРТАЛЫНА ШАҒЫМДАНЫП КЕЛГЕН АҒАЙЫНДЫ ЖАСҰЛАН МЕН МАРҒҰЛАН СМАҒАНБЕТОВТЕР. ФОТО: NUR.KZ.

Алматылық сот сараптамасы жол апатының сызбасымен тексеру ісі дұрыс жүргеніне күмән келтіретін қорытынды да шығарған. Тіпті жазбада «Апаттан кейін машинаның қалдықтарының жатқан орындары шындыққа жанаспайды, өзгертілген және қолдан әдейі жасалынған әрекетке ұқсайды», — деп анық жазылған.

Жетімдердің жанайқайы: Бір күнде ата-анасынан айырылған бауырлар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр (фото)АЛМАТЫЛЫҚ СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ. ФОТО: NUR.KZ.

Қос жігіттің де күмәнданып, құзырлы органға қайта-қайта арыз жазуларына осы сот сараптамасының жауабы себеп болып отыр. Жасұлан Смағанбетовтың айтуынша, көлік апатына себепкер жүргізуші әлі күнге дейін төбе көрсетпеген.

Жетімдердің жанайқайы: Бір күнде ата-анасынан айырылған бауырлар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр (фото)ЖОЛ АПАТЫНАН АЯҚ-ҚОЛЫ СЫНҒАН АЙГҮЛ БӘЙТЕНОВА ҚАЗІР БАЛДАҚПЕН ЖҮРЕДІ. ФОТО: NUR.KZ.

Ал екі туыс апасы көлік соқтығысынан соң мүгедек болып, өздігімен жүруден қалыпты. Ағайындылар бір отбасыдан үш баланы жетім қалдырған жүргізушіні жауапқа тарту үшін қорғаушы жалдап, барлық құзыретті мекеменің табалдырығын тоздырған. Бірақ, нәтиже жоқ. Қарша бораған хаттарға «қаза болған азамат жол апатына кінәлі» деген ғана жауап келеді.

Жетімдердің жанайқайы: Бір күнде ата-анасынан айырылған бауырлар әділдік іздеп шарқ ұрып жүр (фото)ЖОЛ АПАТЫНАН МҮГЕДЕК БОЛЫП ҚАЛҒАН АҚЖІБКЕ БӘЙТЕНОВА. ФОТО: NUR.KZ.

Аталған оқиғаға қатысты NUR.KZ порталы Қарағанды облыстық прокуратурасына арнайы сауалнама хатын жолдаған болатын. 

«Аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс 11 ай ішінде үш рет жабылған. Қайғылы оқиғадан үш бала тұл жетім қалды, оның біреуі тіпті кәмілет жасына толмаған екен. Соңғы рет жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу 28 тамыз күні тоқтатылыпты. Қаза болған азаматтардың туыстары облыс прокурорының атына жазған арызына байланысты біз барлық құжатты қайта қарап шықтық және «қылмыстық іс тоқтатылсын» деген шешім өз күшін жойды.

Қазір жол апатына қатысты №163564031000372 құжат Қарағанды облысының ІІД жолданып, тергеу үшін істің ақ-қарасын анықтау басқармасына өткізілді. Сондай-ақ қосымша сараптамалар қайта тағайындалады. Аталған оқиға облыс прокуратурасының жіті бақылауында», — деп жауап қайтарған Қарағанды облыс прокурорының орынбасары Нұркен Жанахметов.

Дереккөз: Nur.kz
comments powered by HyperComments