Домой Новости Жазира мен Жанболат болашақ келіндеріне қандай талап қоятындарын айтты

Жазира мен Жанболат болашақ келіндеріне қандай талап қоятындарын айтты

Еуразия арнасындағы «Қалаулым» бағдарламасына қонаққа келген Жазира мен Жанболат ата -ене болуға дайын екендерін айтты. Жұлдызды жұп болашақ келіндерінің бойынан көргісі келетін қасиеттерін де жасырмады.

Жазира мен Жанболат болашақ келіндеріне қандай талап қоятындарын айттыЖАНБОЛАТ ПЕН ЖАЗИРА. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН.

«Келін түсіруге дайынбыз. Қазақ халқы құдайға шүкір бай! Кімнің баласы үйленсе де қуанады, біздің де немере сүйгіміз келеді, Жазираның қолы кішкене ұзаратын еді. Құрдастарымның алды қыздарын ұзатып, балаларын үйлендіріп жатыр. Алла тағала соған жеткізсін. Жақсы тәрбиелі келін болсын деп тілейміз. Ата — анасын сыйлайтын, білімді, ақылды қыз болса дейміз»,- деді Жанболат.

Жазира мен Жанболат болашақ келіндеріне қандай талап қоятындарын айттыЖАНБОЛАТ ПЕН ЖАЗИРАНЫҢ ҰЛДАРЫ ҚАЗБЕК. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН.

Айта кетейік, отасқандарына 20 жылдан асқан Жазира мен Жанболаттың Қазбек есімді ұлдары бар.

comments powered by HyperComments