Домой Новости Жұлдызды отбасыға келін боп түскен бойжеткен

Жұлдызды отбасыға келін боп түскен бойжеткен

Елімізге танымал Жүгінісовтер отбасына жақында ғана келін боп түскен маңғыстаулық Айжан есімді бойжеткен жұбайымен бірге Хабар арнасындағы «Тікелей эфир» бағдарламасына келіп, өз өнерін дүйім жұртқа паш етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жұлдызды отбасыға келін боп түскен бойжеткен ерекше даусымен елді тәнті еттіРҮСТЕМ ЖҮГІНІСОВ ЖҰБАЙЫ АЙЖАНМЕН. ФОТО: INSTAGRAM

Жас жұбайлар Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін бағдарламаға арнайы қонақ боп келген.

«Тікелей эфир» барысында «Әнші дауысы» әнін әуелете шырқаған Айжан жүргізушімен қоса барша көрермендерді тәнті етті. 

Ақ құсын қолына қондырып, жүзі бақыттан бал-бұл жайнаған Рүстем болса домбырамен ән салған келіншегіне тамсана қарап отыр.

comments powered by HyperComments