Домой Новости Өзбекстандық БАҚ алғаш рет Ислам Кәрімовтың ұлы туралы шындықты жайып салды (фото)

Өзбекстандық БАҚ алғаш рет Ислам Кәрімовтың ұлы туралы шындықты жайып салды (фото)

Өзбектсандық БАҚ алғаш рет Ислам Кәрімовтың ұлы туралы шындықты жайып салды. Сайттың сөзіне сенсек, Кәрімовтің екі қызынан бөлек алғашқы некесінен бір ұлы бар. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ислам Кәрімов Ғылыми-ағартушылық кешенінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстандық БАҚ алғаш рет Ислам Кәрімовтың ұлы туралы шындықты жайып салды (фото)ПЕТР КӘРІМОВ (ОҢ ЖАҚТА). ФОТО ALISHER1966.BLOGSPOT.COM

«Оның үш баласы мен алты немересі болды. Ол үшін балаларымен араласып тұру үлкен қуаныш еді», — делінген Өзбекстанның тұңғыш президентінің биографиясында.

БАҚ-тың ақпаратына сенсек, Ислам Кәрімов 1960 жылдары Наталья Петровна Кучмаға үйленген. Бұл некеден Кәрімов ұлды болып, ұлына Петр деген есім беріпті.

Өзбекстандық БАҚ алғаш рет Ислам Кәрімовтың ұлы туралы шындықты жайып салды (фото)ПЕТР КӘРІМОВ. ФОТО RIAFAN.RU

Петр біраз уақыт бойы «Азия-Инвест Банк» басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген деп жазады Fergananews.com.

comments powered by HyperComments