Домой Новости Өзбекстанда аудан басшысы қырық бес минуттық жиналыста 126 рет былапыт сөз айтқан

Өзбекстанда аудан басшысы қырық бес минуттық жиналыста 126 рет былапыт сөз айтқан

Азаттық радиосына жергілікті тұрғындардың бірі Ташкент облысы Паркент ауданындағы мақта алқабында болған жиналыстың аудиотаспасын жіберген. Онда аудан басшысы Нематулла Абдуллаев қарамағындағыларға дөрекі сөйлеп, былапыт сөздер айтқаны естіледі деп хабарлайды Centralasian.org басылымына сіілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзбекстанда аудан басшысы қырық бес минуттық жиналыста 126 рет былапыт сөз айтқанКӨРНЕКІ ФОТО: VLADNEWS.RU

Аудиожазба авторының айтуынша, жиналыс кезінде Абдуллаев мақта өткізуде «жалған есеп» бергені үшін Бекабад ауданы басшысы мен прокурор және милиция басшысына қарсы қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

«Колледждер 1,5 тонна мақта өткіздік деп есеп берді. Бірақ шын мәнінде 700 келі мақта терген. Кеше 3 тонна мақта жинадық дедіңдер. Бірақ бар болғаны 700 келі, жаляб (жезөкше – Ред.)», – деп балағаттайды аудан әкімі колледж директорларына қаратып.

45 минутқа созылған жиналыста Абдуллаев 126 рет дөрекі сөз айтқан. Бірақ әкімнің өзі мұны жоққа шығарады.

«Мен шын мәнінде олардың берген жалған есебі үшін сөгуіме болатын еді. Егер мен кімде-кімді балағаттасам, онда мені сотқа берсін«, – деп мәлімдейді ол.

comments powered by HyperComments