Домой Новости Қызылордалық алып қыз ауыр дертін емдеуге қаражат таппай отыр (фото)

Қызылордалық алып қыз ауыр дертін емдеуге қаражат таппай отыр (фото)

Тоғыз жасар Қызылорда тұрғыны Ділназ Әбдіхалықова ауыр дертке шалдыққан. Ол тоқтаусыз салмақ қоса беретіндіктен, 70 келіге дейін жеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылордалық алып қыз ауыр дертін емдеуге қаражат таппай отыр (фото)ДІЛНАЗ. КТК АРНАСЫНАН КАДР

Гормональдық ауытқушылықтардан пайда болған дерттің салдарынан қыз бала мүгедектер арбасына таңылған. Таза ауамен тыныстап, серуендеуді армандайтын қыз баланы анасы көшеге алып шығудың өзі мұң екенін айтуда. Бүгінде ол 40 келі артық салмақ жинап алған.

«Күн санап салмақ қосады. Оны шомылдыру, сыртқа шығару қиындап кетті.Кезінде сәл қозғала алатын. Ал қазір мүлде қозғалыссыз қалды», — дейді қыздың анасы Гүлнар Әбдіхалықова.

Ділназ туа бітті гидроцефалия, симптомдық эпилепсия, сол жақ денесінің жансыздануы, көру қабілетінің күрт нашарлауы дерттеріне шалдыққан.

Отандық дәрігерлер қыздың оңалып кетуіне үміт аздығын алға тартуда.

«Ділназ 2008 жылдан бері тіркеуге алынған. Оған 2008, 2009 жылдары екі рет ота жасалды. Екі жыл бұрын оны Астанадағы нейрохирургиялық орталыққа қабылдаған. Біз қолымыздан келгенін жасап жатырмыз«, — дейді дәрігер Жазира Ережепова.

Ділназдың жағдайын жақсартатын құрылғылар Түркияда бар. Алайда ол жерде ем алуға кемі 5,2 мың доллар керек. Жалғызбасты анаға мұндай қаражат табу мүмкін емес болып отыр.

КТК арнасынан аударылды

comments powered by HyperComments