Домой Новости «Қыз Жібек» атанған қолаң шашты қазақ қызы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

«Қыз Жібек» атанған қолаң шашты қазақ қызы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

26 жастағы Өскемен тұрғыны Анар шашын 110 сантиметрге дейін өсірген. Қолаң шашты қыз әдемі бұрымымен жұртты тәнті етуде деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Қыз Жібек" атанған қолаң шашты қазақ қызы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (фото)АНАР. ФОТО: NUR.KZ

Анар Шығыс Қазақстан техникалық университетінде менеджмент мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде ару Алматыда жақсы жұмысқа орналасып, өз болашағына сенімді қадам басуда.

"Қыз Жібек" атанған қолаң шашты қазақ қызы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

Анар шашын 17 жасынан бастап өсіріп келеді. Достары оны «қазақтың Рапунцелі» атап кеткен.

«Мен өзімді бұрымсыз елестете алмаймын… Шаштың ұзын болуы бүгінде сирек көрініс болғандықтан, жұрт сүйсіне қарайды», — дейді ару.

"Қыз Жібек" атанған қолаң шашты қазақ қызы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

Бойжеткен шашына ерекше күтім жасап әлек болмайды екен. Тек шашты фенмен кептіруден аулақ екенін жасырмады. Анардың бұрымы мен көркіне тәнті болған жігіттер оған жиі назар аударатын көрінеді.

"Қыз Жібек" атанған қолаң шашты қазақ қызы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

Бойжеткен қазақстандық қоғамда нәзік жандылардың тартымды болуына тыйым салатындарды құптамайтынын алға тартты.

"Қыз Жібек" атанған қолаң шашты қазақ қызы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді (фото)

«Өзге адамның келбеті, өмірі сізге де, қоғамға да, мемлекетке де тиесілі емес. Сіздің табиғи тартымдылығыңыз өзгенің құқықтары мен тыныштығын бұзбайтын болса, оған тыйым салуға ешкімнің құқы жоқ», — дейді Анар.

Алтын Нығманованың материалынан аударылды.

comments powered by HyperComments