Домой Новости Ыстықкөлде күйеуін қорғамақ болған әйел аш қасқырды пышақтап тастады (фото)

Ыстықкөлде күйеуін қорғамақ болған әйел аш қасқырды пышақтап тастады (фото)

Қырғызстан тұрғыны күйеуіне тап берген аш қасқырды өлтіріп тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Ыстықкөлде күйеуін қорғамақ болған әйел аш қасқырды пышақтап тастады (фото)МІРБЕК КЕЛГЕНБАЕВҚА ШАБУЫЛДАҒАН ҚАСҚЫР. ФОТО: / RU.SPUTNIK.KG

Бұл оқиғаны Ақ-Шийрақ округінің басшысы Эрлан Асаналиев айтып берді. Оның сөзіне сенсек, оқиға 7 қараша күні болған. Мірбек Келгенбаев сегіз жасар ұлымен және әйелімен бірге үйіне қайтып бара жатқан. Алайда жолай олардың көлігі оталмай қалып, ер адам көлігін жөндеуге кіріседі.

«Мірбек көлігін жөндеп жатқанда, қасында ұлы болды. Ал әйелі Эльнура жылыну үшін жол бойындағы ғимаратқа кіріп кетеді. Сол арада ер адамға қасқыр тап беріп, Мірбек оны құлағынан ұстаған күйі басын жерге тақап үлгереді. Ол әйеліне пышақ ала шығуын сұрап, айқайлап жібереді. Эльнура жүгіріп шығып, қасқырды өзі пышақтап тастады», — дейді Асаналиев.

Ыстықкөлде күйеуін қорғамақ болған әйел аш қасқырды пышақтап тастады (фото)ҚАСҚЫР МІРБЕКТІ ЖАРАҚАТТАП ҮЛГЕРГЕН

Округ басшысы жолай Мірбекті жолықтырып қалып, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетіпті. Ертесімен жергілікті емханаға барған азамат құтыруға қарсы екпе алады.

comments powered by HyperComments