Домой Новости Қуырылған шұжық 120 теңге: Отандық депутаттардың асханасында тамақ бағасы су тегін болып...

Қуырылған шұжық 120 теңге: Отандық депутаттардың асханасында тамақ бағасы су тегін болып шықты (фото)

Еңбекақылары миллион теңгеден кем түспейтін депутаттардың күнделікті тұрмысы қандай? Халық қалаулыларының асханасында қандай тағамдар бар? NUR.KZ тілшісі аталған сауалға жауап іздеу мақсатымен елорда тұрғындарымен тілдесіп, мәжілісмендер асханасындағы ас мәзірімен танысып қайтты.

Қуырылған шұжық 120 теңге: Отандық депутаттардың асханасында тамақ бағасы су тегін болып шықты (фото)КӨРНЕКІ ФОТО: FISHKI.NET

Түскі астары 12:00-де басталатын асханада бүгін қос мәзір әзірленген екен. Олардың бірі таңғы асқа арналса, енді бірі түскі ас мәзірі. Бір қызығы, мәзірдегі тағамдардың әр түрлілігінен көз сүрінеді. Мәселен, таңғы асқа арналған мәзірде жұмыртқадан жасалған түрлі тағамдар, бауырдан әзірленген құймақ, сүзбе, тіпті, бал да бар.

Қуырылған шұжық 120 теңге: Отандық депутаттардың асханасында тамақ бағасы су тегін болып шықты (фото)АС МӘЗІРІ. ФОТО: NUR.KZ

Тағамдардың бағалары да қолжетімді. Мәселен, бір тілім қара нан – 9 теңгені құраса, қуырылған шұжық – 120 теңге екен. Ал бір стакан компоттың бағасы бар-жоғы – 200 теңге. Көп ұзамай асханаға түскі ас мәзірі де келді.

Мәзірде салаттар мен бірінші, екінші тағамдар, гарнир мен десерт те бар екен. Мысалы, тауық етінен жасалған салаттың бағасы бар-жоғы – 135 теңге болса,картоп пюресін аталған асханадан 200 теңгеге сатып ала аласыз.

Қуырылған шұжық 120 теңге: Отандық депутаттардың асханасында тамақ бағасы су тегін болып шықты (фото)АС МӘЗІРІ. ФОТО: NUR.KZ

Мәзір тізімінде тауық етінен даярланған тағамдар да бар. Бір қызығы, мұндағы пісірілген тауық бағасы небары – 360 теңгені құрайды. Байқағанымыз, асханадағы тағам бағалары шаһардағы өзге тамақтану орындарындағы бағалардан әлдеқайда төмен.

Мәжілісмендер тамақтанатын асханадан біз де дәм таттық. Картоп пюресі, жұмыртқа мен көкөністерден жасалған салат, бір тілім нан мен компотқа тапсырыс бергенімізде, аталған тағамдардың барлық сомасы – 489 теңгені құрады.

Қуырылған шұжық 120 теңге: Отандық депутаттардың асханасында тамақ бағасы су тегін болып шықты (фото)ФОТО: NUR.KZ

Ал елорда тұрғындарына «Халық қалаулыларының ас мәзірі қандай екенін және олардың бағасы қанша тұратынынан хабардарсыз ба?» деген сауал қойғанымызда, астаналықтардың дені депутаттардың «шетел тағамдарын жөн көретінін, олардың бағалары да қымбат тұратын болар» деген жауапты алға тартты.

comments powered by HyperComments