Домой Новости Туды терезесіне ілген Қызылорда тұрғыны «патриоттығы үшін» 453 000 теңге төлейтін болды

Туды терезесіне ілген Қызылорда тұрғыны «патриоттығы үшін» 453 000 теңге төлейтін болды

Қызылорда тумасы терезесіне Қазақстан туын іліп қойғаны туралы мақала шыға салысымен, жігіттің пәтеріне тәртіп сақшылары жетіп барыпты. Олар Сұлтан Тумашиновке қомақты айыппұл салған деп хабарлайды NUR.KZ.

Туды терезесіне ілген Қызылорда тұрғыны "патриоттығы үшін" 453 000 теңге төлейтін болдыСҰЛТАН ТУМАШИНОВ. ФОТО: NUR.KZ

Сұлтан Тумашинов шаштаразда кезекте отырған сәтінде досының қоңырау шалғанын есіне алды.

«Досым «терезеңе ту іліп қойған сенсің бе? NUR.KZ порталындағы мақала сен туралы ма?» деп сұрады. Ол Қазақстан туын ұстап жүргенімді және «Арай — 2» ықшамауданына көшіп барғанымды біледі. Мен NUR.KZ-тен расымен өзім туралы мақаланы көріп, дереу үйіме асықтым.

Подьезге кірсем, полиция күтіп тұр

Бұл жексенбі күні таңертең болды. Подьезге кірсем, менің есігімді екі полицей қағып тұр. Ішімнен «мақаланың шыққаны жаңа ғана еді, полиция қалай жылдам әрекет етуде» деп ойладым.

Ту менің жанымды жадыратады, алайда патриот болу қымбатқа түсті

Менде пәтер жоқ. Сондықтан жылына бір рет пәтерден пәтерге көшіп тұрамын. Жеке заттарым аз, дегенмен туды ұстап жүргеніме он жылдан асты. Әр пәтерде туды қабырғаға, терезеге немесе балконға іліп қоятынмын. Ол менің жанымды жадыратады.

Бұл маған ешқашан қиындық тудырған емес. Осы жолы не себепті жағдай өзгергенін білмедім. Ту терезенің алдында ілулі, мен оны перде ретінде пайдаланған емеспін. Туды қоқысқа лақтырған емеспін, онымен аяқ сүрткен де жоқпын.

Ол менде қашан да тап-таза, үтіктелген күйі тұрады. Мен туған жерімнің патриотымын — мемлекеттік нышандарға деген құрметімді сөзбен жеткізе алмаймын. Ту басымнан жоғары қабырғада ілулі тұрған», — деп ағынан жарылды азамат.

Туды терезесіне ілген Қызылорда тұрғыны "патриоттығы үшін" 453 000 теңге төлейтін болды

Патриоттық үшін айыппұл — жарты миллион теңге

«Қазақстан туын пайдаланғаны үшін Сұлтан Тумашинов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 453 800 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді», — дейді Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметінде.

«Бұл жағдайда мені айыппұл емес, әділетсіздік күйіндіреді. Мен біреудің ар-намысына тидім бе? Мен расымен заңды бұзып, еліміздің туына құрметпен қарамадым ба?

Менің тереземді суретке түсіріп, бірден NUR.KZ порталына жолдаған көршіме де қояр сұрағым бар. Неге ол менің есігімді қағып, жағдайдың мән-жайын білмеді? Неге маған өз шағымын айтпады?

Мен бұл қаулыға шағым түсірмекпін және қазақстандықтардан мені қолдауын сұраймын. Мен өз әрекетімнің заңға қайшы еместігін дәлелдегім келеді», — дейді Сұлтан.

Еске салсақ, Сұлтан Тумашиновтің үйіне қарама-қарсы тұратын көршісі өз есімін жария етпеуін қалап, NUR.KZ редакциясына Қазақстан туы пердеге айналғанын хабарлаған болатын. Дәлел ретінде ол бұл жайттың фотосын жолдаған.

comments powered by HyperComments