Домой Новости Той кортежінен бас тартқан Асылхан Төлепов балалар үйіне қуаныш сыйлады (фото)

Той кортежінен бас тартқан Асылхан Төлепов балалар үйіне қуаныш сыйлады (фото)

Қалыңдығын бір ай бұрын ұзатып алып, шаңырақ көтергенін жалпақ жұртқа жария еткісі келмеген танымал актер әрі депутат Асылхан Төлепов бүгін Алматының қақ төрінде үйлену тойын атап өтіп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Той кортежінен бас тартқан Асылхан Төлепов балалар үйіне қуаныш сыйлады (фото)АСЫЛХАН ТЛЕПОВ ЖҰБАЙЫМЕН «ПЕРЗЕНТ» БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ

Жаңбырлы күнде той кортежінен бас тартқан жас жұбайлар «Перзент» балалар үйінің бүлдіршіндерін шаттыққа бөлеген.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Бүгін Асылxан бауырым (Жаужүрек мың бала) қолына ақ құсын қондырды. АЛЛА тағала баянды бақыт бергей. Мұсылманда жария садақа деген болады. АЛЛАның бергеніне шүкіршілік етіп, «Перзент» балалар үйіне ат басын бұрып, бүлдіршіндерді бақытқа бөлеген бауырымыз бен келінімізге РАББЫМЫЗ салиx ұрпақтар нәсіп еткей», — деп жазады ол.

Тағы оқыңыздар:

comments powered by HyperComments