Домой Новости Тоқаев: Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам пікіріне құлақ асу керек

Тоқаев: Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам пікіріне құлақ асу керек

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық комиссияны латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Тоқаев: Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам пікіріне құлақ асу керекҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ. ФОТО: @TOKAYEVKZ

Бұл туралы сенат төрағасы өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет

Оның пікірінше, Елбасы айтқандай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн.

Елбасы айтқанындай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.

Енді үкімет қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрып, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етеді.

comments powered by HyperComments