Домой Новости Таяуда ғана ректорлары Сапарбаевтан сөз естіген оқу орындары хеллоуин тойлады

Таяуда ғана ректорлары Сапарбаевтан сөз естіген оқу орындары хеллоуин тойлады

Ақтөбедегі беделді оқу орындары дүркіретіп хэллоуинді тойлады. Қазақ-орыс халықаралық және Жұбанов атындағы өңірлік университеттерінің студенттері мұндай шараға дән риза екендіктерін жеткізді. деп хабарлайды Aktobenews.kzтілшісі.

Таяуда ғана ректорлары Сапарбаевтан сөз естіген оқу орындары хеллоуин тойладыКӨРНЕКІ ФОТО: KUDAGO.COM

Жыл сайын қазанның 31-ші жұлдызында тойланатын мереке биыл да атаусыз қалмады. Білім ордаларында ұйымдастырылған шараларға жастар көп жиналды.Бет-ауыздарына бояу жағып, қорқынышты кейіпке енген жастар арнайы шоу бағдарлама жасап, соңы би кешіне ұласты.

Қазақ-орыс университетінің желідегі парақшаларында алдын-ала хабарландырулар ілініп, билеттер сатылымға шығарылған болатын. Студенттердің айтуынша, шараны жастар ісі жөніндегі комитет ұйымдастырған.

comments powered by HyperComments