Домой Новости Тұңғыш рет жалақы алған шымкенттік имамдардың қуанышы қойнына сыймады

Тұңғыш рет жалақы алған шымкенттік имамдардың қуанышы қойнына сыймады

Оңтүстік Қазақстан облысының бас имамы дін қызметкерлеріне алғашқы айлықтарын табыс етті. Қаржылай көмек Республикалық «Уақып» қайырымдылық қорынан бөлінген. Ай сайын берілетін ақшаның көлемі 50-60 мың теңгенің төңірегінде. Бұл туралы ТВК арнасы хабарлады.

Тұңғыш рет жалақы алған шымкенттік имамдардың қуанышы қойнына сыймадыОҚО ИМАМДАРЫ. ФОТО: TVK-UKO.KZ

Имамдарға еңбек ақы беру бұрын-соңды болған емес. Ең алғашқы бастама Оңтүстікте жүзеге асып отыр. Өңірдің өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек дін қызметкерлеріне тағайындалған ақшаны өзі үлестірді.

«Алла қаласа ендігі айдан бастап алыс- жақын ауыл имамдарына ай сайынғы қаржылай көмек берілетін болады. Ол — 50 мен 60 мыңның арасында. Бұл Республика бойынша біздің облыстан бастау алды. Кейбір алыс аймақтағы молдаларға карточка арқылы аударылатын болады», — дейді ОҚО мешітінің бас имамы.

Бұл игі бастаманың мақсаты — ауыл мешіттерінің қызметін жандандыру мен қатар сапалы дін кадрлерін тұрақты ұстап тұру, жоғарғы діни білімі бар мамандарды алыс жақын ауылдарға жіберу.

Ал 16 жылдан бері халыққа тура жолды насихаттап келе жатқан Досым Шәріпұлы «Уақып» қайырымдылық қорының қамқорлығына алғысын білдірді.

Әзірге қайырымдылық қордан бөлінген ақша өңірдегі имамдардың 10 пайызына берілді. Ал 2018 жылдан бастап, барлық дін қызметкерлеріне тұрақты жалақы төленетін болады. Діни басқарманың мәліметінше елімізде бүгінге дейін 2563 мешіт бой көтерген. Соның 817-і Оңтүстікте орналасқан, онда 1782 имам қызмет жасайды.

comments powered by HyperComments