Домой Новости Төрт жасар қызын аяусыз соққыға жығып, видеоға түсірген әке жұртты шошытты

Төрт жасар қызын аяусыз соққыға жығып, видеоға түсірген әке жұртты шошытты

Ташкентте төрт жасар қызын аяусыз соққыға жығып, видеоға түсірген ер адам жазаға тартылмақ. Бұл туралы NUR.KZ порталы 1news.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Өзбекстан» арнасының «Үшбұрыш» бағдарламасы бұл видеоны жалпақ жұртқа жария еткеннен кейін ер адамды милиция іздестіретін болды.

Видеода төрт жасар қыз баланы әкесі соққыға жығып, балағат сөздер жаудырып жатқаны байқалады.

«Сен маған керек емессің. Анаң Түркияда. Ал сені мен иттерше сабап тастаймын«, — деп қызына айқайлайды әкесі.

Төрт жасар қыз ұрмауын сұрап жалынған сайын әкесі оған ауыр соққылар жасауда. Телебағдарламаға келген милиция қызметкері ер адам қылмыс жасағанын және жазаға тартылатынын алға тартты.

Желі қолданушыларының сөзіне сенсек, қыз бала бүгінде анасының қасында. Әйел сот арқылы қызды өзіне алып алған.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа адамдарға қарауға кеңес бермейміз (+18)

comments powered by HyperComments