Домой Новости Солтүстік Кореяда ядролық сынақтардан кейін құбыжық балалар туа бастады

Солтүстік Кореяда ядролық сынақтардан кейін құбыжық балалар туа бастады

Солтүстік Кореяда Пангири полигонындағы ядролық сынақтардан кейін жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары түрлі ауытқушылығы бар балаларды өмірге әкеле бастады, деп жазды Лайф оңтүстіккореялық Chosun Ilbo басылымына сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяда ядролық сынақтардан кейін құбыжық балалар туа бастадыФОТО: LIFE.RU

КХДР-ден қашып шыққан тұрғындардың хабарлауынша, елдің перзентханаларында құбыжық балалар жиі дүниеге келетін болған. Олардың бірі басылымға берген сұхбатында радиация жер асты суына қосылғанын, көптеген су көзі тартылып қалғанын, ал полигонға жақын орналасқан өзендерде балық қалмағанын айтқан.

2016 жылдың қаңтарында Кильджу қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 50 километр жерде, Пангири полигонында жер асты ядролық сынағы жасалды.

comments powered by HyperComments