Домой Новости Солтүстік Кореяда ядролық сынақ алаңында 200-ден астам адам қаза болды

Солтүстік Кореяда ядролық сынақ алаңында 200-ден астам адам қаза болды

Солтүстік Кореядағы ядролық сынақ полигонында жерасты тунелінің құлауынан 200-ден астам жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жапониялық Asahi арнасына сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяда ядролық сынақ алаңында 200-ден астам адам қаза болдыФОТО: BAQ.KZ

Телеарнаның мәлметіне қарағанда, қайғылы жағдай Солтүстік Кореяның Пунгери сынақ алаңында болған.

Тунел опырылған кезде топырақ астында 100-ге жуық адам бастырылып қалған.Екінші рет осы адамдарды құтқаруға барған 100-ден астам адам да опырылған тунелдің астында қалған.

Алайда тунел құлаған кезде ешқандай хабар таратылмай, тиісті орындар бұл жағдайды білмей қалған.

comments powered by HyperComments